МТРА жаңалықтары

СҚО ТЖД материалдық- техникалық базасын көрсетті

Ақбөпе Тәңірберген:

– Мына “Трекол” автокөлігі 100 аттың күшіне ие. Анау-мынау машина өтпейтін қалың қар, батпақ, суға да кіріп, тіпті жолсызбен де жүреді. Біздің өңірдегі жалғыз ғана данасы осы. Көктемгі су тасқыны барысында таптырмайтын құрал дейді құтқарушылар.

Кейін оқушыларға автомұнара таныстырылды. Оның көмегімен құтқарушы өртеніп жатқан 10 қабаттан да биік ғимаратқа шығып, адамдарды эвакуциялай алады. Биіктігі – 32 метр.

Мына Нива мен Газель автокөліктері СҚҰО бойынша апаттық медицина орталығына тиесілі. Әріректе тұрған – ақ АСА-20 жылжымалы штаб көлігі. Құтқарушылар кез келген жерден байланысқа шыға алады. Интернет, телефон, радио барлығы орнатулы. Облыстық ТЖД техникалық базасы жылына 3-4 көлікпен жаңарып отырады.

Ораз Қаршалов, СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

– Апаттық жағдайда шығаратын жалпы 100-ден артық техника бар. Көктемгі су тасқанына тас түйін дайынбыз деп айта аламыз.

Қала тұрғындарының назарына құтқарушылар пайдаланатын арқаннан бастап, бұрғыға дейінгі бірінші кезектегі құралдар қойылған. Мәселен, мына Халматро қысқышы үйіндінің астына бастырылып, үйелеп қалған адамды суырып алу үшін қажет.

Арман Төкенов, Петропавл қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы:

– Алдарыңызға апаттық жағдайда пайдаланылатын құралдар қойылған. Үйіндінің астынан шығаратын данкрат, насосотар бар.

Оқу-жаттығу жұмыстары барысында келушілер құтқарушылардың арнайы формаларын да көре алды. Біріншісі, жылу шағылыстырғыш киім. Оны киген адам 200 градустық оттың ішіне қорықпастан еніп кете алады. Келесісі – құтқарушының жауынгерлік киімі. Мұндай ауқымды шарадан оқушылар мол әсер алып қайтты.

Акбопе Танирберген