МТРА жаңалықтары

ҚХА-ның құрылғанына 22 жыл толды

“Этно-фэшн” сайысында олар өздерінің ұлттық киімдері мен мәдениетін көрсетіп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. Мәселен, әзірбайжан қызы Шахназар Амахярова аталған байқауға кебаб және долма тағамдарын даярлап әкеліпті. Айту керек, нәзікжанды Қазақстанға 3 жасында қоныс аударған. Бірақ, соған қарамастан ол өзінің туған тілін ұмытпай, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін де үйреніп алған.

Шахназар Амахярова – сайысқа қатысушы:

– 3 жасымда Бакудан отбасымызбен көшіп келдік. Осында оқыдым, білім алдым. Құшақ жая қарсы алған қазақ халқына рахмет.

Гүлбақша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» ҚБ төрайымы:

– Бұл іс-шара жастардың басын біріктіп, жаңа орта қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, олар бір-бірінің мәдениетімен жақын танысатын болады.

 

Айгерим Ержанова