Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі облыс орталығының көктемгі су тасқынына дарялығын байқады

Сауда орталығы басшылығының қолөнер шеберлеріне осындай жағдай жасағаны, әрине, құптарлық деді өңір жетекшісі. Кейін аймақ басшысы «Казмолторг» серіктестігіне соқты. Бір кездері ісі тоқтап қалып, өткен жылдың ақпанында тамырына қайта қан жүгірген кәсіпорын ірімшік, сүт, май, айран сынды 10-ға жуық өнім түрін жасайды.

Көктем келіп, қардың көбесі сөгіле бастады. Бұл уақыт қар тау болып үйіліп жататын шеткері аудан тұрғындары үшін соқпақты. Осы орайда Жұмысшы кентіне болған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қар шаруаға қарқын қосу қажеттігін айтты. Өйткені Караванная, Войкова көшелерінде ақ ұлпаның мөлшері тым көп. Бұдан соң аймақ басшысы «Универсал», «Норд жолдары» серіктестіктері жұмыс істеп жатқан Бензстрой ықшам ауданындағы жағдаймен танысты.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Биыл қар шығаруға қосымша 100 млн теңге берілді. 10-нан астам техника алдық. Су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасады. Қар биыл екі есе көп жауды. Соны тазартып шығарып жатырмыз. Су өткізетін құбырлар тазаланып, бұл жұмысты облыс бойынша ұйымдастырдық.

Жалпы шаһарда қар шығару жұмыстарымен 9 кәсіпорын айналысады. Олардың қарамағында 100-ден астам техника бар. Қыс басталғалы облыс орталығынан 645 мың текше метр ақ ұлпа шығарылыпты. Тағы су басу қаупі бар аудандар қатарына Ойқала кіреді. Мұнда да қазір суағарларды тазарту және қар шығару шаралары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі шаруаны алдағы 1-2 аптада аяқтауды тапсырды.

Тағы бұл күні өңір жетекшісі Қазақстан ипотекалық компаниясының тапсырысы бойынша тұрғызылып жатқан 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Олар ағымдағы жылдың қарашасында тапсырылуы тиіс. Алайда, мұнда жасалып жатқан шаруа мардымсыз. Осы ретте мердігер компания – «Албат құрылыс» серіктестігінің жұмысын сынға алған Ерік Сұлтанов іске қарқын қосуды жүктеді.

Облыс әкімі «Береке» ықшам ауданындағы бой көтеріп жатқан екі 78 пәтерлі баспаналардың құрылысын да байқады. Негізінде тұрғын үйлер өткен жылдың жазында қолданысқа берілуі тиіс болатын. Бірақ, мұнда құрылыс жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Сондықтан, өңір жетекшісі мердігер компанияларға істі сағызша соза бермей, биыл баспаналарды тапсыру қажет деді. Ал, мынау – мектеп және балалар киімдерін тігетін фабрика. Алдағы аптада іске кірісетін кәсіпорын күніне 200-ге жуық киім тігетін болады.

Облыс әкімімен кездескен серіктестіктегілер өздерінің проблемаларын да жеткізді. Ғимарат іші суық, ал екіншіден фабрика қызметкерлері көлік мәселесін шешуді сұрады. Кәсіпорындағылардың базынасын тыңдаған аймақ басшысы осы сауалдарды шешетіндігін айтты. Бұдан кейін облыс әкімі құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа сауда орталығында болды. Мұнда сауда нүктесінен бөлек тағы, кондитерлік цех та жұмыс істемек. Бұл күні өңір жетекшісі «Тигран» аяқ киім фабрикасына соқты. Мұнда айына 400 жұп аяқ киім тігіледі екен. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі аялдаған нысан С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театры болды. Алдағы уақытта нысанда жаңғырту жұмыстары басталып, мәдениет ошағы кеңейтілмек.

Магжан Ахмадина