МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясына – 18 жыл

Алғашқы жылдары оның қатарында 175 мыңға жуық қазақстандық болса, қазіргі таңда олардың саны 1 млн-нан асқан. Бұл жыл санап саяси ұйымға деген халықтың сенімі артқандығын көрсетеді. Бүгінгі күні жетекші партия қатары тағы 23 солтүстікқазақстандықпен толықты.

Айжан Садықова – «Цеснабанк» АҚ СҚФ кассирі:

– Мен «Нұр Отан» партиясының қатарына кіргеніме қуаныштымын. Ел дамуына үлес қосатын боламын.

Партия қатарына кірген жас толқынды аға буын өкілдері құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында олардың бірқатары марапаттарға ие болды.

Тағы бұл күні партия ардагерлеріне, жазда елордамыз Астана қаласында өтетін халықаралық «Экспо – 2017» көрмесіне жолдама берілді.

 

Магжан Ахмадина