Денсаулық сақтау

2018 жылы елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі

Батырбек Нұрғалиев, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Медициналық сақтандыруы бар тұлғаға мемлекет есебінен амбулаторлық-емханалық, стационарлық көмек көрсетіледі. Тағы, емдік қалпына келтіру шаралары, медициналық сауықтыру, мейірбикелік қарау, сонымен қатар тағы да басқа көмек түрлері кіреді. Аталмыш пакетті алу құқығы ел тұрғындарына және ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктерге беріледі.

Әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар, мәселен жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар өз қызметкерлері үшін ақша аударады. Олар ұйымдағы мамандардың жалпы жалақысынан 1 пайыз бөлмек. Келер жылдары бұл мөлшерлі сома өсіп отыратын болады. Ал, 18-ші жылдан бастап 15 санаттағы азаматтарға жарнамемлекет есебінен төленеді.

Батырбек Нұрғалиев, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Медициналық сақтандыру қорына ақша аударудан халықтың әлуметтік аз қамтылған тобы босатылады. Бұл тізімге “Алтын алқа”, “Күміс алқа”иегерлері, бұрын “Батыр ана” атағын алғандар кіреді. Тағы, ҰОС ардагерлері мен мүгедектер, әскери қызметкерлер, бала күтімімен демалыста отырған әйелдер және тағы да басқа азаматтар үшін мемлекет соңғы екі жыл ішіндегі республикалық орташа айлық еңбекақыға байланысты 3,75 пайыз төлейді. Бұл шамамаен – 5 мың 300 теңге.

Сонымен қатар, жұмыссыз адамдар да міндетті медициналық сақтандыру қорына ақша сала алады. Олар 2-ші деңгейлі банктер арқылы ай сайын қорға 1223 теңге аударып тұрулары шарт. Тағы, 2019 жылдан бастап еңбеккерлердің жалақыларынан да 1 пайыз бөлініп отыратын болады.

Култанов Байболат