МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында славян халықтарының ұлттық мейрамы Масленница тойланды

Теріскейлік өнер ұжымдары қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Іс-шаралардың көркіне айналған “Звонница” халықтық хоры да солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, өз әндерін тарту етті.

Антонина Мотур – “Звонница” халықтық хорының мүшесі:

 

– Біз барлық мерекелерде өнер көрсетеміз. Ал Масленница – бұрыннан бері барша халықтың сүйікті мейрамы. Атап өтуге әр түрлі ұлт өкілдері де келіпті. Бұл бізді қуантпай қомайды.

Күннің салқындығына қарамастан, орталық алаңға қала тұрғындары көптеп жиылды. Ұйымдастырылған ойындарда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бақтарын сынасты. Фархат Васимов солардың – бірі. Ол гір көтеру сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Фархат Васимов – қала тұрғыны:

– Мен 60 рет 32 келіні көтердім. Мерекелік көңіл-күй маған ерекше күш берген сияқты болды. Барлығын Масленница мейрамымен құттықтаймын.

Ал арқан тартыс, футбол, бағанаға басына тігілген сыйлыққа кол жеткізу секілді ойындарға қатысу үшін адамдар кезекке тұруда. Диас Даутбаев мейрамға сыныптастарымен бірге келіпті. Қазір ол өзінің досымен жастықпен айқасуда. Мұнда соққыға шыдап, бөрене үстінен құлап қалмау керек.

Диас Даутбаев – оқушы:

– Біз әр түрлі ойындар ойнап жүрміз. Ойындар жақсы өтуде. 0-22 Бірнеше рет ойнадық, жеңіп те, жеңіліп те үлгердік.Маған осы ойын қатты ұнады. 01-01 Мен барлығын мерекемен құттықтаймын.

Бұл күні орталық алаңға жиналғандар әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

– Славян халықтарының мерекесі құтты болсын. Барлық Қазақстан славяндарын құттықтаймын.

– Отанымызда тек тыныштық болсын, мерекелеріміз жалғаса берсін.

– Концерт өте тамаша. Мерекеге келген халық көп. Қазақстанымыз осылай гүлденіп, тұрғындар бір-бірімен тату өмір сүре берсін.

Бір аптаға созылған мейрам соңында Масленница тұлыбындағы “Қуыршақ” жағылып, славян халықтары үшін 40 күндік ауызбекіту басталды.

 

Эльмира Садуакасова