МТРА жаңалықтары

“Солнечный” кентінде “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналар бой көтермек

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз алғашқылардың бірі болып “Нұрлы жер” бағдарламасын бастап кеттік. Жер телімдерін бөліп, мердігерлерді де нақтыладық. Биыл біз 200-250 типтік баспаналарды салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ол жерлердегі жолды асфальтауды тапсырдым. Үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Жалпы барлығы заманауи талапқа сай болады.

Бұл баспаналар “Солнечный” кентінде бой көтермек. Жалпы өткен жылы “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында облигациялық қарыздар есебінен 823 пәтерлі 10 баспананың құрылысы басталды. Жоба құны 3,4 млрд теңге. 3 үй былтыр қазан айында қолданысқа берілген. Ал қалған 7-уі 2017-нің алғашқы жартыжылдығында іске қосылмақ.

Владислав Лукин – СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл қоғамның әлеуметтік-әлжуаз тобына арналып 4 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Онда 400 пәтер болады. Қазіргі таңда “Солнченый” кентінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жұмыстары басталды. Бұл жердеге үйдің бір шаршы метрі 100 мың теңге болады.

Жиында “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова “Солнечный” кентінде салынатын үйлердің жобасына қатысатындықтарын жеткізді. Баспана алу үшін салымшының есебінде пәтер құнының 30 пайызы, яғни 1,5 млн теңгесі болуы шарт. Ал бұл көптеген тұрғындар үшін өте қиын. Сол себепті халық арасында ауқымды түсіндіру шаралары өткізілмек. Сондай-ақ, жиында елордалық мейман маусымдық жұмыстағы адамдар үшін банктің талаптарын жеңілдету жайы қарастырылатындығын тілге тиек етті.

Ләззат Ибрагимова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Басқарма төрайымы:

– Солтүстік Қазақстан аграрлы аймақ. Мұнда маусымдық жұмыста істейтін адамдар көп. Олар әрине орақ науқанына кейін табысқа кенеледі. Бірақ әр уақытта олардың зейнетақы жарнасы бола бермейді. Ал біз тек ресми табыс табатындармен жұмыс істейміз. Бұл ретте СҚО бойынша біз салымшылардың өтінішін қарай аламыз.

Жиыннан кейін “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Береке шағын ауданында салынып жатқан үйлермен танысты. Мына көпқабатты баспана маусым айында халық игілігіне берілмек. Мұнда 75 пәтер бар. Елордалық мейман бұл ауданда қоғамдық көліктердің қалай қатынайтындығын сұрастырып, инфрақұрылымды тұрғындарға ыңғайлы етудің маңызына тоқталды.

 

Риат Шони