Қылмыс

Ғаламтор желісінде алаяқтықпен табыс тапқан әйел ұсталды

Өмір Нұрахметов – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі қаз:

– Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында ғаламтор алаяқтығымен айналысқан Қызылорда облысында туған азаматшаны ұстады. Ол ғаламтор желісі арқылы тегін хабарламалар сайтында несие рәсімдеуге көмек көрсету туралы ақпарат орналастырған. Qiwi-кошелек арқылы алдын ала төлемді алған соң аталған азаматша ізін жасырып отырған.

Әзірге, қылмыскердің құрығына түскен 3 қызылжарлық қана белгілі болды. Олардан алаяқ әйел 70 мың теңгедей табыс тапқан. Бүгінде өзге де зардап шегушілер іздестірілуде. Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктінің бұған дейін басы істі болмағаны анықталды. Бүгінгі таңда ол қамауға алынып, осы іске қатысты ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі қарау жұмыстары жүргізілуде. Енді алаяқтық жасаған әйел 4 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Күдікті:

– Я у людей брала деньги. И потом, обратно не вернула эти деньги и сотку выключила. И потом на меня заявление написали и я здесь оказалась. Я признала свою вину. В содеянном раскаиваюсь.

Ақпанның 21-і бастау алған “Контрафакт” жедел алдын алу іс-шарасы бойынша 30 рейд өткізіліпті.

 

Эльмира Садуакасова