Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық қан орталығының қызметкерлеріне Жолдаудағы басым бағыттар түсіндірілді

Аккуян Абильхаятова – “Нұр Отан” Партиясы Петропавл қалалық филиалы ақпараттық насихат тобының мүшесі:

– Еліміз біртіндеп Президенттік және Парламенттік басқару формасына көшіп жатқанымыз дұрыс деп санаймын. Осылайша, депутаттар мен министрлердің халық алдындағы жауапкершілігі артып, маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылады.

Ақпараттық үгіт-насихат тобы еңбек ұжымдары, ұстаздар және оқушылармен кездесіп, оларға әр салада болатын өзгерістер жайлы жеткізді.

Владимир Витченко – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Біз Елбасы Жолдауын әр саламен байланыстырып жеткізудеміз. Мысалы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жайлы. Ол бойынша азаматтарға қызметтің 2 пакеті ұсынылады. Бірінші базалық. Онда жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді. Екіншісі – сақтандыру пакеті. Оған амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек стационарлық көмекті алмастыратын көмек кіреді.

Жиын барысында өзге де дәстүрлі салаларда орын алатын жаңғыртулар жайлы сөз болды.

Берік Қасен