МТРА жаңалықтары

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – басты міндет

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Ең алдымен кәсіби әрі сапалы мемлекеттік аппарат құру керек. Тағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны болдырмау шараларын қолға алу және мемлекеттік қызметкерлердің моральдық, әдеп нормаларын арттыру міндеті тұр алдымызда. Алғашқы тапсырма бойынша жұмыстар басталып кетті. Бүгіндері жұмысқа келген мамандар конкурс арқылы өтіп, өз қызметін төменгі сатылардан бастайды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында да өткен жылы 23 сыртқы сараптама жұмыстары жүргізілген. Мемлекеттік органдарда жасалған тексерістер барысында 325 ұсыныс айтылған. Оның 316 – сы бүгіндері орындалыпты.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жыл басталғалы біздер 3 сыртқы сараптама жұмыстарын жүргіздік. 7 мемлекеттік органды тексердік. Нәтижесінде 14 ұсыныс айтылып, бүгіндері соның жартысынан көбі орындалып отыр.

Тағы бүгіндері мемлекеттік қызметшілер аттестациядан өтуде. Айта кету керек, 1500- ға жуық тест тапсырған шенеуніктердің 90 пайыздан астамы жақсы нәтиже көрсеткен.

 

Магжан Ахмадина