МТРА жаңалықтары

Петропавлда тағы 30-ға жуық бала психалогиялық-педагогикалық түзеу мекемесінің көмегін алады

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Қаламыздағы №2 психологиялық-педогогикалық кабинетінің көмегіне 7 жасқа дейінгі балалар жүгінеді. Мұнда жабдықталған залда олармен дефектолог, логопед, психолог мамандар жұмыс жасайды. Бүлдіршіндерге негізінен мына мен тұрған емдеу денешынықтыру залында жаттыққан көбірек ұнайды екен.
Солардың бірі – Ксения Исакова. 3 жастағы кішкентай қыз орталыққа бір жарым ай бұрын келген. Алғашында мүлде сөйлей алмапты. Қазір өз ойын жеткізіп, бірқатар сөздерді анық айтатын жағдайға жеткен. Әжесі Татьяна Исакова барлығы мамандардың арқасы деп отыр.

Татьяна Исакова, Ксенияның әжесі:

– Біздің Ксюшамен психолог және логопед маман жеке-жеке жұмыс жасайды. Бала дамыды. Үйде де ширақ. Ашылды. Ол үшін мамандарға дән ризамын. Оның үстіне көрсетілген көмектің барлығы тегін. Немеремнің болашағына алаңдаушылығым сейілді.

4 жастан асқан Байбатыр Қайыржан психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне келіп ашылған. Бала өзгелермен сөйлесіп, ойнап, сурет салады екен. Әкесі баласының күн сайын дамып келе жатқанына қарап қуанады.

Ерлан Құлақпаев, Байбатырдың әкесі:


–  конецформыначалоформы”Балам келіп, дамыды. Ашылып сөйлесетін болды. Нәтижесі бар.

Мұнда келетін балалардың диагнозы әр түрлі. Біреуінің тіл кемістігі, ал келесісінің мінез-құлқына байланысты мәселелер бар. Енді бірі эмоциналдық-коммуникативтік түзетуді қажет етеді. Бұл жағдайда бүлдіршіндермен психолог маман түрлі ойындар арқылы жұмыс жасайды. Бала ойыншықтың түсін таңдау арқылы көңіл күйін ашық білдіреді екен. Бір ғана құм терапиясы бүлдіршіннің ішкі жан дүниесін ашып, көрсетіп береді.

Ғалия Баязитова, Петропавл қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің психолог-педагогы:


– Құм терапиясы – баланың дамуына үлес осады. Ұстап ойнағандықтан қолдары да дамиды. бала ондағы әрекеттері арқылы өз ойлай қабілетін анық білдіреді.

Бүгінде №2 педагогикалық-психологиялық түзету мекемесінң көмегін 27 бала алып отыр. Мамандар екі айдан кейін кішкентай емделушілердің санын бұдан екі есе артық қабылдауды жоспарлап қойыпты. Айта кету керек, кешендік түзету көмегіне тек облыстық медико-педагогикалық коммисияның жолдамасына ие бола алған балалар ғана қол жеткізе алады.

Рита Галиева, Петропавл қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті директорының міндетін атқарушы:


– Оңалту, балаларды әлеуметтік бейімдеу, ерекшелігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға кеңес түріндегі көмек беру сынды мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Жолдамаға ие болған маманға аптасына үш рет келіп, күніне 35 минут жұмыс жасайды. Бір баланы бейімдеу жұмыстары 3 айға жалғасады.

Солтүстік Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 5 мыңға жуық. Оның 1471-і – мүгедек. Бұл өңірдегі психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетіп отыр.

 

Ақбөпе Тәңірберген