Білім

Педагогтар Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға дайын

Өйткені, қазір еліміздегі мектептер мен мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл-аймақтар мен қалада әр түрлі. Білікті педагогтардың жетіспеушілігі және бар. Сондықтан, аталған мәселелерді ескере отыра, ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізу қажет делінген маңызды құжатта. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауда «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы көмекші. Биыл аталған ұйымның жергілікті филиалында 2300-ге жуық ұстаз қайта даярлау курсынан өтеді деп жоспарланған.

Мархаба Қуантаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Наурыздың 27-нен біздің орталықта алғаш рет ағылшын тілінде 4 айлық курс басталады. Мұнда 4 пәннің ұстаздары оқытылмақ. Олар математика, информатика мен физика және химия пәндері бар. Сонымен қатар робототехника бойынша да курстар жүргізілетін болады.

Алтынай Жанбекова қазір М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде сабақ береді. Биыл оның ұстаздық жолды таңдағанына 15 жыл толады екен. Бұл уақыт аралығында нәзікжанды бірталай биіктерді бағындырған. Мәселен, биыл ол республикалық «Үздік педагог-2016» байқауында топ жарған. Мұндай жетістіктер біздің жұмысымыздың нәтижелі болуына серпін береді дейді педагог.

Алтынай Жанбекова – «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының жеңімпазы:

– Қазір біз саналы, бәсекеге қаблетті ұрпақ тәрбилеудеміз. Осы ретте елімізде ұстаздарды қолдауда жағдайлар жасалуда. Түрлі курсатар мен байқаулар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, биыл жергілікті «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында өңір ұстаздары робототехника курстарынан да өтеді деп жоспарланған. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың екінші жартысында іске аспақ.

Айгерім Ержанова