МТРА жаңалықтары

Петропавлда бал жәрмеңкесі өтуде

Әрқайсысы өзіндік дәм мен қасиетке ие. Мысалы, “Жеті емдік шөп” балы – қан қысымын қалыпқа келтіріп, бас ауырғанын жазады. Табиғаттың дәмді әрі пайдалы сыйы Башқұртстан, Алтай, Қиыр Шығыс пен Сочи далаларынан жиылған.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Мұндағы 40 түрлі бал сортының ішіндегі ең арзаны – күнбағыс балы, 1500 теңге. Демалу мүшелері мен жүректі емдеуде таптырмайтын зат. Ал, араларлың гүлден гүлге қонып жинайтын бал тозаңы аталған түрі – ең қымбаты. 6500 теңге тұрады. Иммунитетті жақсартуға көмектеседі.

Сондай-ақ, мұнда балалардың сүйіп жейтін мүкжидек, таңқурай, қарақат сынды жидек қоспасымен әзірленген балдар бар.

Оксана Кравченко – кеңесші-сатушы:

– Бозқараған балы – сирек кездесетін сорт. Сочидің қызыл түзеңінен жиналынды. Диабетпен ауыратын адамдарға жақсы, ағзадағы қанттың деңгейін көтермейді. Аллергия тудырмайды. Ал, “Аналық сүт балы” балалар мен жүкті және емшекте баласы бар әйелдерге пайдалы. Қарақұмық балы дәл қазіргі маусымда сұранысқа ие. Суық тигеннен емдейді.

Мұнда тіл үйіретін, барлық табиғи дәрумендері бойында сақталған жеміс-жидектер тосабы да бар. Жаңа ғана жиылған балғын өнімдерді булы моншада әзірлейді. Бұл да көп аурудың алдын алатын көрінеді.

Оксана Кравченко, кеңесші-сатушы:


– Табиғи конфитюрлерді сулы моншада әзірлейміз. Құрамындағы барлық дәрумендер сақталған. Себебі, олар қайнатылмайды. Қант мөлшері өте аз. Диеталық өнім болып саналады. Шайға қосып ішсе, жөтелді де болдырмайды. Одан бөлек, ара желімі, балтозаң және табиғи жақпа майлар әкеліп сатып жатырмыз. Кавказдан терілген емдік шөп шайлар да тұр. Олардың бір бумасын 800 теңгеден саудалаудамыз.

Ресейдің Азов қаласында шығарылатын танымал халуаны жәрмеңкеге келген тұрғындар көптеп алуда. Жаңғақ, какао, шемішке және мейіз қосылғаны. Әркім өз таңдауына ырық берсе болады. Мұнда тәтті халуаның 11 түрі жайғасқан.

Айғаным Қасқырбаева:


– Көптеген балдардың түрін білдім. Дәмін де таттым. Ұнады.Роксана Орынбасарова, “Сен алуан түрі бар екен. САтып алмас бұрын, дәмін татып көретін ммкіндік те бар. Халуа, емдік шөптерді, пайдалы балдарды ата-анама алып беретін болдым.

Ақпанның 21-і басталған бал жәрмеңкесі қаламыздағы “Жастар сарайында” 5-ші наурызға дейін тұрақтайды. Петропавлдықтарла таңертеңгі 10-нан кешкі 7-ге дейінгі аралықта келіп, қалаған табиғи өнімді сатып алатын мүмкіндік бар.

 

Ақбөпе Тәңірберген