МТРА жаңалықтары

Өңірде “Мың бала” мәдени-ағартушылық жобасы бастау алды

Бірақ, биыл нәзікжанды облыс орталығындағы ЖОО-ның филология бөліміне түсуді жоспарлап отыр. Бүгінде ол бұл мақсатына жету үшін барын салып, өз білімін шыңдап жүр. Былтыр Галина өзге ұлт өкілдері арасында өтетін «Мың бала» республикалық жобасында жеңіске жетті.

Галина Жукова – «Мың бала-2016» республикалық жобасының жеңімпазы:

– Қазақ тілі бұл – мемлекеттік тіл. Сондықтан да оны үйрену керек. Мың бала жобасы қазақ тілі деңгейін көтереді. Бұл бағдарламаның көмегімен мен жаңа сөздерді білдім. Тарихымды меңгердім.

Аталмыш жоба Қазақстанда 2015-ші жылдан бастап қолға алынған. Небәрі екі жылдың ішінде бұл бағдарламаға республика бойынша 600 мыңға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде оның 109-мыңы мемлекеттік тілді еркін меңгеріпті. Ал, былтыр «Мың бала» жобасында өңірден 3 мың солтүстікқазақстандық бағын сынаған.

Динара Елеуова – «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы:

– Осы жылы 5 бағыт бойынша өткізіледі. Алаш Ордасының 100 жылдығына арналған шығармалар сайысы, ЭКСПО-ға байланысты роликтер түсіріледі. Жыл соңына дейін викториналар ұйымдастырылады.

Дәстүрге айналған мәдени-ағартушылық бағыттағы «Мың бала» жобасы 2017-ші жылы да жүзеге асады. Қараша айына дейін созылатын бағдарламаның бастауы биыл халықаралық ана тілі меркесімен тұспа-тұс келіп отыр.

Аталған мейрам әлемде 1999-шы жылдың 21-ші ақпанынан тойланып келеді.

Айгерім Ержанова