Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет әлеуметтік мәселелерді бизнесмендермен бірлесіп шешетін болады

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Николай Кадюковтың айтуынша, 2014-2016 жылдар аралығында бизесмендердің жеке қаражаты есебінен ел бойынша – 827, ал республикалық бюджет есебінен 200 балабақша ғана тұрғызылыпты. Биылдан бастап іскер азаматтар тұрғындарға арнап жер үйлер салады. Құрылыс үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөледі және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартып береді. Әрі мердігер компанияларды несиелендіру бойынша да жеңілдіктер қарастырылыпты.

Николай Кадюков – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары:


– Халыққа үй салатын құрылыс компаниялары жылдық 7 пайыз мөлшерлемесімен арзан несиеге қол жеткізе алады. Өңірлерде баспананың шаршы метрі 220 мың теңгеге дейін бағаланатын болады. Әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға несиелік баспаналар салынады. Оның шаршы метрі 140 мың теңге болады.

Өңірімізде жұмыс күші аз. Елді мекен тұрмақ қаланың өзінде де жоғары сұранысқа ие дәрігер, инженер, құрылысшы сынды мамандар жеткіліксіз. Сондықтан, ауылға, қалаға да келемін деушілерге бір реттік жәрдемақы мен баспананы бір жылға жалдап тұру үшін субсидия берілмекші.

Николай Кадюков – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары:


– Жұмыс күші аз аймақтарға қоныс аударған отбасының әр мүшесіне 90 мың теңге майында бір реттік субсидия беріледі. Ауылда үй жалдап тұрғандарға бір жыл бой 15 тен 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субсидия төленеді. Бұл шамамен 50 мың теңге болады.

Жыл сайын елімізде жұмыссыздар мен мамандығы жоқтардың қатарын 21 мың жас толықтыруда. Олар колледждерге оқуға түсе алмаған немесе тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан. Осыны мемлекет ескеріп, 15-тен 45 жасқа дейінгілерге тегін кәсіптік-техникалық білім ұсынбақ. Ал мекемелерден қысқартылып қалғандарға басқа бағдарлама бар. Әкімдіктерде “Жол картасы” әзірленеді. Сол бағдарламаның аясында жұмыстан босап қалған азаматтарды қайта дарялау үшін қаражат бөлінетін болады.

Берік Қасен