МТРА жаңалықтары

Былтыр өңірде мемлекеттік аттестаттаудан 113 білім мекемісінің 62,8 пайызы сәтті өтті

Оның 62,8 пайызы, яғни 71-і барлық тексерістен сүрінбеген. Бұл 2012-ші жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Ал аттестаттаудан өте алмағандардың ішінде 40 мектеп, 1 балабақша мен Тимирязев ауданындағы агротехникалық колледж бар.

Темірғали Әбілмәжінов – СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

– Өтпеген 40 мектептің 39-ында балалар тестік тапсырмалардан сүрінді. Бірақ өзгелерінде пайыздық көрсеткіш жақсы. Бұл жергілікті атқарушы билік өкілдерінің білім саласына жақсы көңіл бөлуінің арқасында.

Айта кету қажет, егерде мекеме алғаш рет тексерістен сүрінсе, заңбұзушылықтарды 6 айдың ішінде түзеуге уақыт беріледі. Егерде екінші мәрте аттестаттаудан өте алмаса онда бұл ұйым сот алдында жауап беріп, лицензиясы алынып қояды. Былтыр мұндай жауапкершілікке Петропавлдағы №31-ші толық емес орта және де Айыртау ауданындағы Арықбалық орта мектептері тартылып, директорларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Енді бұл білім ұялары ағымдағы оқу жылы аяқталғанға дейін міндетті түрде кезектен тыс тексерістен өтулері қажет. Ал лицензиясы әу бастан жоқ өңірде жалғыз ғана мектеп бар екен.

Темірғали Әбілмәжінов – СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

– Бүгінде бізде лицензиясы жоқ жалғыз мектеп бар. Ол Бәйтерек ауылындағы жаңадан ашылған білім ұямы.

Жалпы білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуінің бірден бір себебі ол өткен жылдың мамыр айында министрлік тестілеудегі шектік ұпайды 70-тен 50 пайызға төмендетіпті. Ал биыл жыл басынан өңірде 26 ұйым тексерістен өтіп, оның 4-уі сынақтан сүрініпті.

 

Риат Шони