МТРА жаңалықтары

28 солтүстікқазақстандық педагогика ғылымдарының магистры дипломын алды

Жыл сайын нәзікжанды өзінің біліктілігін арттырып, өзге әріптестерімен тәжірибе алмасқанды жаны сүйеді. Бүгінде Айнагүл Малмасова Ресейдің Тара қаласындағы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранты атанып, дипломын қолға алды.

Айнагүл Малмасовадан бөлек, бұл күні магистр дипломы 27 солтүстікқазақстандыққа табысталды. Олар жоғарыда аталған оқу орнының қазақстандықтар арасындағы алғашқы магистр түлегі атанып отыр.

Айнагүл Малмасова – Аққайың аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

– Осыдан 2,5 жыл бұрын мен магистратура бөліміне түстім. Біз қашықтықтан білім алдық. Бірақ, емтихандарды университетке барып тапсырдық. Көптеген жаңа ақпарат алдым. Өзім ризамын. Енді алған білімімді өз жұмысымда пайдалануға тырысамын.

Мұндай мүмкіндік жерлестерімізге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы мен аталмыш ЖОО-ны арасында жасалған екіжақты келісімнің арқасында беріліп отыр. Осылайша, биыл магистартура бөліміне тағы 50 теріскейлік түседі деп жоспарланған.

Күлзағира Нұртаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚОФ аға оқытушысы:

– Тара қаласының мамандарымен біз осыдан 4 жыл бұрын әріптестік орнаттық. Бұл жұмыстың барысында көптеген халықаралық шараларға қатысып, біліктіліктерімізді арттырдық.

Бүгінде жергілікті біліктілікті арттыру орталығы Ресей мен Белоруссия және тағы басқа елдердегі 14 шетелдік ЖОО-нымен келісім орнатқан.

Айгерім Ержанова