МТРА жаңалықтары

Жастар жалғыз тұратын қарияларға үй шаруасында қол ұшын беруде

Вера Золотых – зейнеткер:


– Жастар келіп үйдің маңайындағы, төбедегі қарды тазалап береді. Күзде келіп отын жарады. Қарияларға көмектесіп жатқандарына алғыс айтамын. Өзімнің екі балам бар. Олар аурушаң болғасын маған келіп қол ұшын бере алмайды.

Биыл қала бойынша небары 8 ерікті қарияларға қол ұшын беруге келіскен. Солардың бірі Сапаралы Мекембаев өңірімізге білім іздеп сонау ОҚО-нан келіпті.

Сапаралы Мекембаев – студент:


– Қарты бар елдің қазынасы бар. Қарттарға қол ұшын беру кейінгі ұрпақтың парызы деп білемін.

Апамыз Вера Золотых осы үйде 40 жыл тұрады екен. Биылғы қардың мөлшері жылдағыдан көп екендігін айтуда. Үйге қызыл су келе ме деп қауіптенеді. Жуық арада қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тапсырмасымен коммуналдық кәсіпорындар Вагонная және Москва көшелеріне үйілген ақ ұлпаны шығаратын болды.

Берік Қасен