МТРА жаңалықтары

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов қорытынды есеп беру кездесуін өткізді

Мұнда әдеттегідей өз сауалдарын тікелей әкімге жолдап, мәселелері шешімін табады деген сеніммен келген қалалықтар жиылған. Былтырғы жылы дәл осы жерде өткен кездесуде қала әкіміне тұрғындардан 58 ұсыныс пен ескерту келіп түсіпті. Бүгінде оның бәрі де атқарылды дейді Марат Тасмағанбетов.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Өткен жылы облыс орталығындағы 14,8 мың шаршы метр болатын 7 көшеде тротуар орнатылды. Тағы 6-нда шұңқыр жабу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтінішімен 7-ші бағыттағы авобус енді Спорт сарайы арқылы жүретін болды. Бұдан бөлек 19 аялдамаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тағы 8-і жаңасына алмастырылды.

Бұған дейін өткізілген есеп беру жиынында петропавлдықтар Марат Тасмағанбетовке 405 ұсыныс-тілектерін жеткізіпті. Оның 350-ден астамы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, 16-сы әлеуметтік сұрақтар және тағы 20-сы жолдағы қауіпсіздік мәселесіне байланысты болған. Ал осы жолғы қорытынды кездесуде тұрғындардың дені қар тазалау, балалар алаңын орнату және жол жөндеу туралы өтініштерін білдірді.

Серік Тұрғынов – қала тұрғыны:

– Бүкіл Стрелковый көшесіне асфальт төселген. Ал біздің маңымызда жаяу жүру де мүмкін емес. Тас төсеп берсеңіздер.

Марат Тасмағамбетов:

– Қандай көше?

– Биыл істейміз.

Бұдан бөлек, тұрғындардан аулаішілік жолдарды жөндеуге қатысты өтініштер келіп түсті. Жалпы қазір облыс орталығында 417 аула бар екен. Оның 300-ден астамы жаңартуды қажет етіп тұр. Бұл жұмыстар толығымен 2018-ші жылы шешімін табады дейді аймақ басшысы Ерік Сұлтанов.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


–  Биыл бұл жұмыстар толық атқарылмайды. Ол мүмкін емес. Өткені өткен жылдың өзінде қалада 107 аула жөнделді. Биыл бұл іс жалғасатын болады. 2018-ші жылға қарай аталған проблеманы толығымен шешуіміз қажет.

Сонымен қатар, кездесуде қалалықтар азық-түлік пен дәрі-дәрмек және жылу бағасының қымбаттығын айтты. Ал, кейбір зейнеткерлер тиісті тегін дәрі-дәрмектің жетіспеуіне өкпелі. Олар көмекке қараша айынан мұқтаж екен. Бірақ жауапты басқарма өкілдері мұндай проблема өңірде жоқ екендігін айтуда.

Мәриям Бапанова – СҚО денсалық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

– Өткен жылдары да, биыл да бізде мұндай мәселе туындаған емес. Өйткені, бізде дәрі-дәрмек жеткілікті. Қорымыз толық. Ол шамамен 1,5 айға жетеді.

Облыс әкімі бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданатындығын айтты. Ал, жиынға келген жастар жағы уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған Петропавлда тағы қандай спорттық нысандар бой көтеретіндігін сұрап білді. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов биыл облыс орталығында жаңа теннис корты, футбол манежы мен «Жастар» стадионында жабық велотрек құрылысы басталатындығын айтты.
Кейін жиынды облыс әкімі қорытындылап, шаһар басшысы Марат Тасмағанбетовке биылғы жылға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– 1 эжыл ішінде облыс орталығында бірқатар жұмыстар атқарылды. Дегенмен, оны әлі де жалғастыру қажет. Мемлекеттік бағдарламалдар жүзеге асыру қажет. Тұрғындар да ат салсу керек. Алда орындайтын тапсырма көп. Сәттілік тілеймін.

Жалпы өңірде есеп беру науқаны басталғалы бері аудан және қала әкімдері 647 кездесу өткізген. Ал аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тұрғындармен ақпан айының 22-сі жүздеспек.

 

Айгерім Ержанова