МТРА жаңалықтары

Петропавлда ҚХА кафедралары қауымдастығының отырысы өтті

Президент маңызды құжатта әсіресе ел жастарының шет тілін меңгеруін күшейту керектігін баса айтты. Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазір аталған бағытта ҚХА-ның мүшелері де қызу жұмыс жүргізуде. Өйткені, алдағы уақытта ассамблея қарамағында да арнайы мектептер құрылуы мүмкін. Бірақ, әзірге, бұл тек пилоттық жоба ғана.

Ардақ Қапышев – ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрағасы:

– Елбасы Жолдауында 3 тілділікке басымдық берді. Бұл ретте ҚХА арнайы мектептер құрды. Ол жерде азаматтар ағылшын тілін меңгере алады. Егер де бұл өз жемісін беретін болса, онда алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Бүгінде жастардың шет тіліне деген қызығушылығы жоғары. Мәселен, әскери институттың курсанты Руслан Сухоручкин орыс тілінен басқа қазақ және ағылшын тілдерін жақсы біледі. Ақтөбелік жігіт, тіпті, үйдегілерімен таза мемлекеттік тілде сөйлеседі екен. Өйткені, Елбасы стратегиялық құжатта қазақ тілінің басымдығын сақтап қалу қажеттігін нақтылап айтқан дейді.

Руслан Сухоручкин – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:


–  Менің туған тілім – орыс тілі, бірақ қазақ тілін жақсы білемін. Ағылшын тілін де үйрену үстіндемін.

Жиында жерлестеріміз көршілес Ақмола облысының мамандарымен тәжірибе алмасып, алдағы уақытта жас ұрпақтың тіл меңгерулері үшін барынша жағдай жасау керектігін айтты. Осылайша, біз мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыра аламыз деді ҚХА мүшелері.

 

Айгерім Ержанова