МТРА жаңалықтары

Өңірде жеке сот орындаушыларының саны 2 есеге өсті

Қағазбастылық азайып, тұрғындардың уақыты үнемделеді. Екінші жағынан, бұл әдіс жемқорлықтың алдын алуға сеп.  Ол мамандардың да жұмысын айтарлықтай жеңілдетуі тиіс. Сондай-ақ, төленген жәрдемақы, салынған айыппұл мөлшерін де үйде отырып-ақ білуге болады.

 

 

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:


– Әділ департаменті барлығы 19 мемлекеттік қызмет түрін халыққа ұсынады. Соның 14-і – электрондық форматта. Департамент 4 индекс бойынша азаматтардың құқықтарын қорғайды. Былтыр тауар белгісін заңсыз жасаған 10 тұлғаны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тарттық.

“100 нақты қадам” ұлт жоспарындағы тағы бір міндет өңірімізде сәтімен жүзеге асуда. Өткен жылы мемлекеттік сот орындаушыларының саны 30 пайызға қысқарып, керісінше, жеке сот орындаушыларының қатары 2 есеге көбейіпті.

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Былтыр өңірдегі жеке сот орындаушыларына берілген істердің саны 2 есеге ұлғайды. Қазіргі таңда жеке сот орындаушы боламын дегендерге лицензияны беру үрдісі біршама жеңілдетілді. Олар тек құқықтық сауаттылығы мен құзіреттілігін аттестациядан өту арқылы көрсетуі қажет. Осы ретте өткен жылы жұмыс берушілерден еңбеккердің пайдасына жалақыны өндіріп алу сынды істер толығымен жеке сот орындаушыларына берілгенін айта кеткен жөн.

Алимент төлеуден жалтарып жүргендердің ісімен де жеке сот орындаушылары айналысуда. Былтыр бауыр еті баласына ақша бермеген 30 көкек ана мен әке әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Берік Қасен