МТРА жаңалықтары

Жерлестерімізге ХІХ ғасырда өмір сүрген аға сұлтан Жылғара Байтоқин туралы ақпарат берілді

Оған мына мөр басылған грамота куә. Бұл құжатты Жылғара Байтоқин екі елдің арасындағы бірлікті нығайтуға қосақан үлесі үшін ресей императоры Николай І-шінің қолынан алыпты. Марапат 165 жыл өңірімізде сақталған. Көшірмесі бүгінде ұрпақтарына таратылған. Бүгін Жылғара Байтоқиннің 7-ші ұрпағы – Спартак Рамазанов жиналғандарға атасы туралы әңгімелеп берді.

Спартак Рамазанов – Жылғара Байтоқиннің 7-ші ұрпағы:

– Грамота бабамның абырой мен беделін дәлелдейтін құжат деп санаймын. Есімінің аталып жатқанына ерекше қуаныштымын. Біреу Ресей патшасына жағынған деп жаман айтады. Бірақ мен олармен келіспеймін. Атама грамота орыс пен қазақтың татулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді деп есептеймін.

“Асыл мұра” орталығы Жылқара Байтоқинге арнап кітап шығарған. Оны да келушілер қолына алып, оқып көрді.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

– Осы “Асыл мұра” орталығының іргесін қаласқан, бүгінгі күндері өмірден өткен Ғалым Қадірәліұлы Жылғара Байтоқин туралы кітап жазған болатын. Оның жарыққа шықанын көбі әлі күнге дейін білмейді екен. Онда Жылғара Байтоқиннің үрім бұтағына дейін көп мағлұмат бар. Әлі де тарихи тұлғаны зерттеп, Ресейдің Омбы облысындағы мұрағаттарды ақтару керек.

Жылғара Байтоқиннің он ұлынан тараған ұрпақтары осы күні еліміздің әр аймағында тұрады.

Берік Қасен