МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Ауған соғысында қаза тапқан жерлестерін еске алды

Нұрлан Жалмұқановтың жалындаған жастық шағы Ауған соғысымен тұспа-тұспа келді. Ол 1979 жылдың желтоқсанында жат елге өзінің әскери борышын өтеу үшін аттаныпты. Азаматтың екі жыл бойы оқпен оттың арасында өткізген күндері әлі күнге есінде.

Нұрлан Жалмұқанов – Ауған соғысының ардагері:

– Талай қиындық көрдік. Ашта болдық, суықта да тоңдық. Біз ол кезде 18-19 жастағы жігіттерміз.

Ауған соғысында қаза тапқан жандарға арналған ескерткішке ең алдымен облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан гүл шоғы қойылды

Кейін, жиылған жұрт Ауқан соғысында мерт болған жерлестерін 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Есткерткіш маңына жиналғандардың арасында жастардың қарасы мол. Олар мұнда Ауған соғысына қатысқан жандардың рухына тағзым ету үшін келіпті.

Сапарәлі Мекенбаев – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 1-курс студенті:

– Біз жыл сайын ескерткішке келіп гүл шоқтарын қоямыз. Өйткені, бұл жастардың парызы.

Жалпы, Ауған соғысына теріскейден 1500-ға тарта жерлесіміз аттанған. Олардың 50-ге жуығы жат елде жер жастанды. Бүгінде қанды қырғынға қатысқан жерлестеріміздің 800-інің көзі тірі.

 

Култанов Байболат