МТРА жаңалықтары

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазанов келді

Арман Рамазанов – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

– Біз қазір аз уақыттың ішінде өндірісте технологиялық жаңғырту мен қайта қаруландыру бағдарламасын құрастыру қажетпіз. Келешекте қандай өнім сұраныста болатындығын ойластыру керек. Ол әрине, бәсекеге қабілетті болуы шарт. Мемлекет тарапынан барлық қолдау бар. Орталық Азияда Киров атындағы зауыт секілді ірі кәсіпорындар жоқтың қасы. Сол себепті өзге де кәсіпорындармен қауымдасып, көршілес Ресей елінің мемлекеттік қорғанысынан да тапсырыстар алуымыз керек.
))

Елбасы жолдауындағы міндеттердің тағы бірі – ол тың технологияларды енгізу, және де 3D принтерлердің өндірісін бастау. “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ ісі өрге домалағын кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағы ақпанның 18-20 аралығында мемлекет басшысының бұл тапсырмасын жүзеге асырмақ ойда. Қазіргі уақытта мұнда жаңа желіні іске қосуға дайындық шаралары пысықталып жатыр.

Дәурен Әбілмажинов – “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ басқарушы директоры:

– Біз өз қаражатымызға 3D принтерлерді шығару жобасын жүзеге асырудамыз. Ақпан айында оның алғашқы үлгісін өндіреміз. Бізді білім және ғылым министрлігі қолдайды деген ойдамын. Себебі, бұл инновациялық жобаның өнімі еліміз үшін аса қажет. Ал мектептеріміз тың технологияларды меңгерулері керек. Сонда ғана өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті болады. Бұндай жоба әзірге ТМД елдерінде жоқ. Тек пилоттық жобалар жасалынып жатыр. 3D принтерлердің бағасы 500 мың теңгеден аспайды. Онымен тек пластик бұйымдардан ғана қажетті нәрсені басып шығаруға болады.

Зауыттағылар осы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап өңірдегі бірқатар мектептерде өздері шығарған 3D принтерлер жұмыс жасай бастайды деген жоспар құрып отыр.

 

Риат Шони