МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі түзету мекемелеріндегі кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Құрулы кесте қолдарыңызда. Бірінші шілдеде барлық 3 үй пайдануға берілсін. Біз өз тарапымыздан коммуникация желілерін жүргізуіміз керек. Сараптама жұмыстарынан кейін бұған да кірісеміз.

Жақында тағы бір ауқымды нысан Бесінші Сенная көшесінде бой көтермек. Мұнда екі бірдей көпқабатты үй салынады.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Қазірден, су тасымай тұрып қада алаңын қағып алу керек. Кейінге қалып кетсе қиындап кетеді. Көкшетаудан бағаналар артылған көлік сенбі күні келеді. Екінші үйде қанша діңгек болса, мұнда да соншасын қадау қажет.

Бұл нысандарды қарашада тапсыру көзделген. Тиісінше жұмысты қарқынды жүргізу керек деді, Ерік Сұлтанов. Жергілікті шикізатты пайдалану мүмкіндігі де қарастырылсын деп тапсырды. Бүгінгі күні өңірде құрылыс жұмыстары дамып келеді. Ал, бұл – осы салаға қажет кәсіпорындардың ашылуы мен жұмыс күшінің қажеттілігін аңғартады.

Бүгінде 164/6 түзету мекемесіндегі кәсіптік лицейде құрылысшы мамандақтарын оқытады. Мұнда 167 сотталушының 23-і білім алады. Абақтының жанында бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Цехтарда киім-кешек пен төсек жабдықтарын дайындайды. Ал, үшінші коллониядағы жазасын өтеушлер терезе жасаумен айналысуда.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Петропавлдағы барлық мектептерге пластик терезе орнату керек. Егер тапсырысты осында берсек, бағасы базардағыдан арзанырақ болуы шарт. Биыл үш айдың ішінде барлығын ауыстырамыз. Сіздер тауардың сапасына кепілдік бере алуларыңыз тиіс.

Коллонияда жазасын өтеушілер бір цехта жиһаз жонып жаста, келесісінде жұмыс киімдерін тігуде. Ал, мынау – ағаш шеберханасы.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Биыл қырлы бөренеден 50 үй тұрғызамыз. Сіздерге ойланып, мердігермен келісу керек. Бағасы жараса, сіздердің ағаштарыңызды аламыз.

Бұл екі түрмеде барлығы 5 кәспкерлік бар. 68 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Ерік Сұлтанов 6637 әскери бөліміне де бас сұқты. Мұндағы әскери қызметкерлер қаладағы түзету мекемелері мен қоғамдық тәртіптің тыныштығын қадағалайды.

Акбопе Танирберген