МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Ашық жүрекпен” қайырымдылық акциясы бастау алды

Ольга Гамаюнова – ата-ана:

– Келген қонақтарға алғысымды білдіремін. Кішкентай бүлдіршіндерді ұмытпай, назардан тыс қалдырмауы көңілімді қуантты.

“Ашық жүрекпен” акциясы “Мы-есть!” қайырымдылық қорының бастамасымен өткізілуде. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орайластырылған шарапаты мол іске өз үлестерін облыстық қуыршақ театры да қосты. Қайырымды жандар онкология ауруына шалдыққан балаларға робот құрастырушы, қыздарға ас үйге арналған ыдыстар сияқты ойыншықтар сыйлап, олардың көңілін бір көтеріп тастады.

Наталья Сапченко – “Мы – есть!” қайырымдылық қорының жетекшісі:

– Бүгінгі “Ашық жүрекпен” атты бастамамызды қолдап, өз көмектерін көрсетіп жатқан облыстық қуыршақ театрына алғысымызды білдіреміз. Қатерлі ісік аурына шалдыққан балаларға қолдан келгенше көмек көрсеткіміз келеді. Оларға ең бастысы көңіл бөліп, жалғыз еместігін сездіру. Осындай қиын кезеңді бастан өткеруге үлесімізді қосуға тырысудамыз.

Мейірімді адамдар 5 отбасыға барып, осылайша қуантып қайтты. Жалпы “Мы-есть!” қайырымдылық қоры өңірімзде өткен жылдың қарашасында құрылыпты. Сол уақыттан бері олар 2 акция өткізіп, мұқтаж жандарға көмектерін көрсеткен.