МТРА жаңалықтары

Былтыр өңірде 152 экологиялық қылмыс тіркелген

АРЫСТАН СҰЛТАНҒАЗИЕВ – СҚО ІІД ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Экологиялық талаптардың бұзылуына қатысты – 2, ветеринарлық талаптардың бұзылуы, өзен-көлдерді, ауаны ластауға байланысты 2 іс қозғалды. Тағы, жер қойнауын өз еркімен пайдалану мен заңсыз аңшылық құруға байланысты 15 факті анықталды.

Негізі орын алған фактілердің дені аңшылық ережелердің сақталмауы мен балықты заңсыз аулауға қатысты. Бұл туралы Табиғатты қорғау саласының мамандары мен қорықшылардың 32 мәрте ұйымдастырған рейд барысында белгілі болды.

ПЕТР КЛИМОВ – СҚО ІІД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

– Сіздер қызмет атқару барысында шаруашылықтарды, алқаптарды тексеріп жүресіздер. Далада қаңғып жүрген малды көрген жағдайда, ішкі істер органдарына хабар берсеңіздер деген ұсыныс айтқымыз келеді. Ал, біз өз кезегімізде олар бойынша шаралар қабылдаймыз.

Жиын соңында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен ІІД-і арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Култанов Байболат