МТРА жаңалықтары

50-ден аса жасөспірімге әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік тапсырылды

Құжатқа қол жеткізгендердің бірі – Қуандық Тұрғанбаев. №23 орта мектептің 9-сынып оқушысы болашақта әскер қатарына алынсам деп армандайды. Жасөспірім әрбір жігіт Отан алдында өздерінің азаматтық борыштарын өтеуі тиіс дейді.

Қуандық Тұрғанбаев – №23 орта мектептің 9-сынып оқушысы:

– Мен әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік алғаныма қуаныштымын. Болашақта міндетті түрде әскерге барып, өз азаматтық парызымды өтеймін.

Бүгінгі жиын Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғандығына 28 жыл толуына орайластырылып отыр. Осыған байланысты мінберден ардагерлер мен аға буын өкілдері сөз сөйледі. Олар Отанға адал қызмет ету жайында әңгімеледі.

Амангелді Ғазезов – Петропав қалалық Ардагерлер кеңесі төрайымының орынбасары:

– Ауған соғысына қатысқан қаншама азамат елге оралмады. Сол жағдайды сендердің бастарыңа бермесін. Қайда жүрсендерде аман болыңдар.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Култанов Байболат