МТРА жаңалықтары

“Жас Отан” ЖҚ СҚОФ мүшелері жолдауды талқылауда

Мұса Танақұлов, «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– “Жас Отан” ЖҚ былтырдан жетім түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Бұл ретте ірі компаниялар және мемлекеттік мекемелермен 10 меморандум жасастық. Нәтижесінде 164 жетім жастың, 126-сы жұмысқа орналасты. Қалғаны, декреттік демалыстағылар мен әскери міндетін атқарушылар және оқуын жалғастырып жатқандар.

Сондай-ақ, “Жас Отан” ЖҚ ҰБТ-ден шектік балл жинай алмаған мектеп бітірушілерді де назардан тыс қалдырмайды. Былтыр СҚО-да мұндай 496 түлек тіркелген. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министірліктерімен арадағы үш жақты меморандум аясында олардың барлығы да ЖОО мен колледждерде білім алуда. Сондай-ақ, зерек балаларға да көңіл бөлінуде.

Мұса Танақұлов, «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Жас ғалымдардың инновациялық-технологиялар жасап шығаруын қолдау мақсатында 2016 жылы республикалық “НURINTECH” байқауы ұйымдатырылды. Барлық қатысуышлар мыңнан артық үздік жұмыстарын ұсынды. Біздің өңірден 47 өтініш таңдалып, НЗМ студенті Сергей Швец арнайы аталым бойынша жеңімпаз атанды.

Бүгінде СҚ-да 10 мыңнан артық жасотандық бар. Олар Елбасы жолдауын өзгелерге түсіндіріп, ондағы мақсат-міндеттердің орындалуына ат салыспақ. Белсенді жастар бұл рертте 52 іс-шара өткізіп үлгеріпті.

 

Акбопе Танирберген