Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен қала біріншілгі өтті

Жарысқа Мағжан Жұмабаев ауданының спортшылары белсенді қатысуда. Мақсат Нұрланов күрестің бұл түрімен 4 жыл бойы айналысады. Оның петропавлдық қарсыласы осалдық танытты. Мақсат одан 5-0 есебімен басым түсті.

Кезек нағыз палуандарға келіп жетті. Боз кілемде 60 кг-нан жоғары салмақтағы жасөспірімдер арасындағы текетірес қызған. Сұлтан Амангелдинов пен Александр Сафронов бірін-бірі жығуына ырық берер емес. Бірақ, бірер минуттуың ішінде-ақ Сұлтан қарсыласын таза әдіспен жықты.

Сұлтан Амангелдинов, жарысқа қатысушы, Жеңіс спорт метебі:

– Күреспен 4-ші жыл айналысып жүрмін. Салмағым 66 кг. Қарсыласым да осал емес екен. Менің де дайындығым жақсы. Жеңіп кеттім. Келесі кезеңнен сүрінбей облыстық чемпионатқа қатысқым келеді.

Грек-рим күресінен бала біріншілігіне 20 кг-нан жоғары салмақ дәрежесіндегі 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.

Ғалым Өркешов, кұрес бойынша БЖСМ директоры:

– Ашық біріншілікке қаоадағы спорт мектептері, аудандар, көргшілес Ресей командасы келіп отыр. Бүгінгі жарысқа 8-9 команда келуші еді. Қазір 7 команда келіп отыр.

Бүгін іріктелінген спортшылар ақпанның аяғында Аққайың ауданында өтетін обылыс біріншілігіне қатысады. Өңірлік додаға тек 2003-2005 жыл аралығындағы жасөсіпімдер ғана жодама алу мүмкіндігіне ие.

 

Акбопе Танирберген