Денсаулық сақтау

Петропавлда Елатом құрылғылар зауытының кезекті көрмесі өтуде

Вера Белоусова – қала тұрғыны:

– Маған Алмаг-01 құрылғысы таңсық емес. Өйткені, маған ота жасағаннан кейін, физиотерапиялық емделуден өттім. Шипасы болып, көп ұзамай сауықтым. Жаңа ғана “Унилор-01” аппаратына көзім түсті. Осы аспап жайлы толыққанды ақпарат алдым. Бағасы да қалта көретерлік.

Бүгіндері теріскейде тұмау жүріп жатқандықтан дәрігерлер тұрғындарға “Унилор-01” аппаратын қолдануға кеңес береді. Аталмыш аспап – мұрын ауруларын емдеуде таптырмайтын дүние. Оны 7-10 күн бойы үзбей қолдану керек.Құны да қол жетімді. Бар болғаны 21 700 теңге.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Біздегі құрылғылардың барлығы денсаулыққа пайдасын тигізеді. Бірақ та, айта кету керек, бұл аппараттарды дәрігерлер нұсқауымен сатып алу керек. Және оны мамандардың кеңесімен қолданған жөн.

Ал, көрмедегі кезекті қондырғы “Алмаг-01” деп аталады. Бұл құрылғының адамның ағзасына тигізер әсері мол. Құрал жүрек-қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, невралгия, басқа да қауіпті аурулардың алдын алуға септеседі.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– “Үй дәрігері” сериясынан жасалатын “Алмаг 01” қондырғысы сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Ол адам ағзасына төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Айта кетсек, “Үй дәрігері” сериясындағы құрылғыларды өңіріміздегі барлық “Сердечная” дәріханаларынан ақпанның 13 мен 24 аралығында 20 пайыздық жеңілдікпен қол жеткізе аласыз. Қажетті анықтаманы 33-15-55 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

 

Тогжан Акмагамбетова