Спорт

Өткен жексенбі күндері “Құлагер” ХК елордалық “Номад” құрамасымен кездесті

– Құлагер жеңіске жетеді. Бүгінгі есеп 3-те 1 болады.

– Номад қиын қарсылас. Бірақ біздің жігіттер жеңіске жетуге тиісті.

Үшінші период та басталды. Бұл кезеңнің небәрі 34 секундында астаналық хоккейші Владислав Никулин қақпамызға шайбы салып кетті. Кейін, құлагердің капитаны Ильгиз Нуриев көзге түсті. Бұдан соң, Илья Ахметов белсенді. Хоккейші командаласынан қабылдаған шайбаны керегіне жаратып, басымдықты одан әрі арттырды. Дегенмен, астаналықтар табандылық танытып, Дмитрий Гренц период соңында есепті қыстартты. Сонымен бірінші ойында құлагерліктер қоржынға 3 ұпай салды.

Қарымта кездесу, тіпті тартысқа толы болды. Бұл бәсекеде алғаш болып астаналық Иван Верещагин шайба авторы атанды.

Алғашқы 20 минуттықта 0-де 1 есебімен елордалықтарлың пайдасына шешілді. Келесі кезеңде жерлестеріміз қарсыласты әбден тығырыққа тіреді. Ақыры, периодтың орта кезінде Максим Волков таразы басын теңестірді.

Басымдықты хоккейшілеріміз ұзақ ұстап тұра алмады. Сан басымдығын пайдаланған “Номад” құрамасының жігіттері сапынан Дмитрий Гренц қақпашымыздан айласын асыра білді. Есеп 1-де 2. Екінші период аяқталды. 3-ші жиырма минуттықта елордалық Әлихан Әсетов сонымен қатар, Егор Петухов бір-бірден шайба салып құрамасын жеңіске жетеледі. Ойынның аяқталуына санаулы сәттер қалғанда құлагерлік Александр Воронин көзге түсті. Сонымен бұл матча “Номад” құрамасы 2-де 4 есебімен жеңіске жетті.

Максим Волков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Бүгінгі ойында қарсыласқа тактикалық тұрғыда есе жібердік. Ұтымды сәттерді жүзеге асыра алмай, сан соқтық. “Номад” командасы жақсы ойыншылардан жасақталған. Дегенмен, өз айдынымызда оларды жеңіп қоржынға 6 ұпай салуға болар еді.

Енді, “Құлагер” ХК келесі кездесуін наурыз айының 2-сі және 3 күндері көкшетаулық Арланға қарсы өткізеді.

 

Култанов Байболат