МТРА жаңалықтары

Ұстаздар алдына жолдау қойған міндеттер

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Іс-сапар барысында облыс орталығынан бөлек ауыл, аудандарға шықтық. Ол жерлерде ғаламтор желісіне қосылу былай тұрсын, қарапайым ұялы байланыс дұрыс ұстамайды. Сондықтан, Жолдау қойған міндет – ІТ технологияларды қолданамыз деп қол серпімес алдын барлық жерлерде ұялы байланыс пен ғаламтардың дұрыс жұмыс істеуін шешу керек. Елбасы айтқандай ауылдағы білім мен қалада берілетін білімнің айырмашылығы болмауы керек деді. Ал, бұл барлық ақпарат пен жаңашылдық толып тұрған ғаламтарға тікелей қатысты.

НЗМ-не өңірдің білім беру ошақтарының қызметкерлері жиылған. Олардың басын қосқан – Елбасы жолдауы. Президент биыл да білім саласына ерекше көңіл бөлді. Мектептердегі үш тілділікке біртіндеп көшу мәселесі дәл осы білім ошағында жақсы жолға қойылған. Оның тәжірибесін өзге мектептер де жүзеге асыра бастауы керек.

Дильбар Бегалина, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі:

– Ағылшын тілін меңгеру керек. балалрға ғана емес ересектер де үйренсе екен.

Кейін ұстаздар халық қалаулыларына көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Жеңіс Әбілмажин, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі:

– Білім беру мекемелерінде тегін тамақ беру қарастырылған. Біздің колледжде 936 студент бар. Оның ішіндегі 52 толымсыз отбасынан шыққан бала ғана тегін ыстық тамақ ішеді. Барлық студент бірдей тегін тамақтанса деген ұсынысым бар.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі директорының бұл ұсынын қарастырамыз деді депутаттар.
Жалпы халық қалаулыраы бүгін ұстаздар айтқан ұсыныстардың барлығын да назарға алмақ.

 

Акбопе Танирберген