МТРА жаңалықтары

Теріскейде жолдау жүктеген міндеттерді халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ольга Перепечина – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Жолдауда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына байланысты делінген. Сол себепті, жергілікті билік өкілдері келісімнің барлық рәсімдерін мейлінше жеңілдетуі қажет. Соңғы 3 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында 1500-ға жуық балабақша салынды. Дегенмен, Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру үшін жұмысқа тағы да қарқын қосу қажет.

Жыл артқан сайын елімізде құрылыс саласы қарқын алып келеді. Мәселе, былтыр жалпы құны 830 млрд теңге болатын 10,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Алдағы уақытта бұл іс одан әрі жлғасын табады. Биылдан бастап Президент тапсырмасымен елімізде “Нұрлы жер” тұрғын үй бағдарламасы іске асырылады.

Ольга Перепечина – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Елбасы жолдауында айтылған “Нұрлы жер” тұрғын үй бағдарламасы алдағы 15 жылға арналған. Осы уақыт ішінде жоспар бойынша 1,5 миллион отбасыны тұрғын үймен қамту көзделген. Аталған жоба аясында тұрғындар “Қазақстан ипотекалық компаниясы” акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. Тағы, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады.

Тағы, брифингте Сенат депутаты Ольга Перепечина Жолдауда жазылған бірқатар бағытқа тоқталды. Әсіресе, ол журналистерге білім беру, денсаулық сақтау, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамыту арналған жаңашылдықтарды баян етті.

Култанов Байболат