МТРА жаңалықтары

Тұтынушылар құқығының қорғалуы

Станислав Зимницкий, арызданушы:

– Әкелдім. Инженер қарап, ноутбук экраны мен пернетақтасын байланыстырып тұрған ілгекті жөндеу кепілдендірілген мерзімге жатпайтынын айтты. 1 жылдық кепілдігі болса да жаңа техинакамды 2 800 теңгеге жөндеп берді. Арада бес ай өткесін ноутбугімнің дәл сол жері тағы сынды.

Бұдан кейін Станислав Зимницкий Тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының көмегіне жүгінген. Оның соңы бүгінгі сот отырысына ұласқан. Техниканы сатушы да, жөндеп беріп, ақша алған инженер де, сатып алушы мен оның құқығын қорғаушы да осында. Барлығы жағдайдың мән-жайын түсіндірді. Бірі зауыттан кеткен ақау десе, келесісі дүкенде бірден ауыстырып беруі керек еді дейді. Өндіруші “Леново” компаниясы Мәскеуде орналасқан. Олар жазған шағымды қабылдамай, қайтарып жіберген. Себебі, зауыт берген алғашқы кепілдік әлдеқайда біткен, ал сатылғаннан кейінгі бір жылдық кепіл мерзімін дүкен беріп отыр.

Надежда Дубовая, СҚО тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы:

– Әңгіме “Сулпак” техника дүкені жайында. Біз оның тарапына бірден арыз жолдадық. Заң бойынша 10 күннің ішінде жауап жазулары керек еді. Бірақ, олар пысқырмайды да. Бұл сынғаны кепілдік мерзіміне жаптайды, жөндеп береміз, тек ақысына дейді. Тұтынушылардың құқығын аяққа таптап отыр. Тұрғындар тарапынан дәл осы “Сулпак” дүкеніне арызданатындардың саны көп. Біз тек тұтынушылардың ғана емес, мемлекеттік органдар тарапынан қысым көріп арызданатын кәсіпкерлердің де құқығын қорғаймыз. Бірақ, олар өз істерін мүлтіксіз атқарулары керек қой.

Алғашқы сот отырысында әр тарапты тыңдап, жағдайдың жай-жапсарынан хабардар болған сот істі келесі күнге қалдырды. Ертең екі тарап тағы тыңдалып, мәселе бір жола шешілмек. Жалпы 2016 жылы тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығына 212 арыз келіп түскен. Оның 186-сы шешімін тауыпты. Ал, өзге 102-сі сотта қаралып жатса, 84-і – сотқа дейінгі жағдайда. Тұрғындардың 46 пайызы бүгінгідей техника құралдарынан ақау тапса, 22 пайызы жиһазға, қалғаны терезе, туризм, дәрі-дәрмекке қатысты болып отыр.

 

Акбопе Танирберген