Мәдениет

Теріскейлік ұл-қыздар Омбы қаласында өткен қос бірдей байқаудан жүлделі оралды

Арыстан Жаров – “Золотая Сибирь” байқауының I-ші дәрежелі лауреаты:

– Домбыраға деген әуестігімді байқап анам мені 6 жасымда №1 өнер мектебіне әкелді. Содан бастап осы жерде тәлім алудамын. Ресейліктерге домбыра аспабы ұнайды. Олар мен өнер көрсеткенде күйді ұйып тыңдап отырды.

Ал, Даникер Жақыпова Омбы қаласында ақпан айының басында өткен Х-шы халықаралық “Сибирь зажигает звезды” байқауының “Эстрадалық вокал” аталымында дипломант атанды. Конкурста ол қазақ және орыс тілдерінде өнер көрсеткен. Талантты қызды ән айтуға кішкентай кезінен әкесі баулыпты.

Даникер Жақыпова – “Сибирь зажигает звезды” байқауының І-ші дәрежелі дипломанты:

– Омбы қаласында өткен байқауда біз бір-бірімізді қолдадық. Отбасымда әкем гитарада ойнайды. Өзім қазақ халқының әншілерін сүйіп тыңдаймын.

Жалпы, “Сибирь зажигает звезды” байқауына түрлі аталым бойынша теріскейлік 16 өнерпаз қатысқан. Оның 2-еуі лаурет, қалғандары дипломант атанған екен.

Ирина Маркина – №1 өнер мектебі директорының орынбасары:

– Біз шәкірттеріміздің қос байқауда да жақсы өнер көрсеткендеріне қуаныштымыз. Олар жарысқа аттанғанда жүлдемен оралатынына үмітті болдық. Ұл-қыздарымыздың барлығы жарады. Келесі конкурстарда бұдан да жақсы нәтижеге жетуге тырысамыз.

Енді, қаламыздағы №1 өнер мектебінің ұл-қыздары жазда Ресейдің Сочи қаласында өтетін халықаралық байқауға қатыспақ.

Култанов Байболат