Спорт

Петропавлда Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай футзалдан жарыс өтті

Самат Сахатов – СҚО ІІД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы:

– Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай біз футзалдан турнир ұйымдастырып отырмыз. Мұнда жеке күзет ұйымдары қатысуда. Жарыстың басты мақсаты ол қоғамдық тәртіпті қадағалауда агенттіктер арасында қарым-қатынасты жақсарту. Жалпы өңірде бүгінде 100 күзет фирмасы бар.

Сонымен, алғашқы матч та басталды. Алаңда “Қасқыр Security” ЖШС облыстық филиалы мен “Шериф” серіктестігінің күзетшілері бақ сынасуда. Ойынның басынан-ақ көк жейде киген қасқырлықтар алға шықты. Білгендерінен жаңылған қара формадағы ойыншылар мардымды қарсылық таныта алмады. Қос таймда да шабуыл бір қақпа маңында өрбіді. Сонымен, қорытынды есеп 13-0. “Қасқыр Security” серіктестігінің облыстық филиалының пайдасына шешілді.

Игорь Шедловский – “Қасқыр Security” ЖШС СҚОФ күзетшісі:

– Ойын жақсы өтті. Қарсыласты мүлдем осал деп айта алмаймын. Бірінші таймда жақсы ойын өрнегін көрсетті. Қауіпті шабуылдар да жасады. Бірақ біз өз дегенімізге жеттік. Оған көңілім толады.

Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған турнир бүгін аяқталмақ. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, диплом және медальдармен марапатталады.

 

Риат Шони