МТРА жаңалықтары

Петропавл су торабында 30 тонна бензин толы цистернасы бар жүк көлігі Есіл өзеніне құлап кете жаздады

Қайрат Мұхамадиев – Петропавл су торабының бастығы:

– Негізі бұл көпірмен салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне өтуге болмайды. Ол үшін жақын маңда жүк көліктеріне арнайы өткел болуы тиіс. Бірақ, бұл маңда қосымша көпір жоқ. Кеше болған жағдай қайталанбас үшін бұл мәселені шешу керек деп есептеймін.

Машинаның тұрып қалған орында жоғары кернеулі электр кабель жатқан екен. Оған зақым келсе, бұл жерден алапат өрт шығар еді. Абырой болғанда, құтқарушылар жылдам қимылдап, 30 тонна бензиннің Есіл өзеніне төгіліп кетуін алдын алды. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Апаттың себебі неден болғаны белгісіз. Құтқарушылар көліктен ақау шықты, жол тайғақ болды немесе жүргізуші кінәлі деген түрлі болжамдар айтудан аулақ. Оның бәрін сот-сараптамалық жұмыстар көрсетеді.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жетті. Біз келсек, жүргізуші көліктің ішінен өз еркімен шығыпты. Көліктің цистернасындағы 33 тонна безинді “Эталон-Регион” компаниясының жұмсшылары басқа цистернаға құйып алу үшін 2 сағаттай уақыт жұмсады. Жалпы көлікті тығырықтан алып шығу үшін 5 сағат кетті.

Сол түні Есіл өзеніне құлағалы тұрған ауыр көлікті 2 кран, сонша к-700 тракторға тіркеп алып шығыпты. Өйтпеген, жағдайда табиғатқа орны толмас залал келер еді.

Берік Қасен