МТРА жаңалықтары

Елбасы жолдауы талқыға түсуде

Айсұлу Сәрсенбекава, №16 орталау мектебінің директоры:

– Үш тілділікті біртіндеп оқытып жатырмыз. Технологияларды оқушылар меңгеруі керек.

ҚКХК мүшелері Елбасы айтқан ИТ саласын меңгеру мектептерден басталуы тиіс дейді. Петропавлда – 2, өңір аудандарындағы 20-ға жуық мектепте робототехника қолға алынды. Бұл балалардың болашақта осы салаға баруына үлкен серпіліс береді. Сондықтан, үйірмелермен шектелмей арнайы пән енгізілсе деген ұсыныстарын айтты.

Қайсар Сәрсенбаев, ҚКХП СҚОК екінші хатшысы:

– Елбасы ИТ саласын қолға алу керек деді. Ал оны біз бірінші балалардан басталуымыз керек.

Бүгінде 6 мыңға жуық теріскейлік Қазақстан коммунистік партиясына мүшелік етеді екен. Олар Елбасы жолдауын талқылап, алдарына қойылған мақсат-міндеттерді орындауға ат салыспақ.

 

Акбопе Танирберген