Әр түрлі

Ақпанда айдың тұтылуы орын алмақ

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ астрономия ғылымдарының доценті:

– Негізі тұтылу құбылысы Ай мен Жер және Күн үшеуі бір сызыққа келгенде болады. Оны сизигия деп атайды. Бұл жолғы құбылысты түн ортасында көруге болады. Ол үшін әрине, телескоп қажет. Аталған құрылғы айды одан әрі анық көруге септеседі. Сонымен қатар, дүрбіні де пайдалануға болады.

Айдың тұтылуы адам ағзасына да кері әсерін тигізбей қоймайды. Бұл түні Жер тұрғындары өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Сонымен қатар, аталған құбылыс жер қыртысына да әсер етіп, кейбір аймақтарда жер сілкінісі орын алуы ғажап емес дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ астрономия ғылымдарының доценті Андрей Солодовник.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ астрономия ғылымдарының доценті:

– Келесі айдың тұтылуы тамыздың 7 сәйкес келеді, ол бәрінен де ғажайып құбылыс ретінде есте қалмақ. Біріншіден, ол жартылай ғана болады, яғни Айдың төменгі жартысы жердің көлеңкесінде қалады. Соның салдарынан Ай төртке бөлініп қалғандай көрінеді.

Айта кеткен жөн, айдың тұтылуы 2,5 минутқа созылмақ.

 

Айгерим Ержанова