МТРА жаңалықтары

Теріскейде кәсіпкер қыз-келіншектер көбеймек

Солардың бірі – үстіміздегі жылы елімізде “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын іске асыру. Кәсіпкер азаматша қазір қоғамға токарь, дәнекерлеуші және құрылысшы сияқты мамандар аса қажет дейді.

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Мен 20 жыл бойы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Сондықтан, білім беру саласына қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы мені назардан тыс қалдырмады. Біз бүгіннен қалмай кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарды дайындауымыз қажет. Өйткені, олар еліміздің дамуына зор үлес қосады. Қоғамда электрик, токарь сынды мамандар сұранысқа ие.

Тағы, Бақытжан Сәмиева еліміздегі оқыту жүйесінің үш тілде жүргізілгендігін қолдайды. Ол болашақта еліміздегі жастардың барлығы ағылшын тілін емін-еркін меңгеретіндіктеріне сенімді. Жалпы, Елбасы өзінің жолдауында әр сала бойынша министрлер мен әкімдерге тапсырма жүктеді. Бұл бағытта атқарар СҚО іскер әйелдер қауымдастығының алға қойған мақсаты да бар.

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

 

– Біздің міндетіміз – облыстық іскер әйелдер қауымдастығына кәсіппен айналыса алатын нәзік жандыларды көптеп тарту. Және олардың өз бизнестерін ашып, ары қарай дамуына көмек көрсету. Қазіргі таңда өңірде өз істерін ұршықша иіріп, еліне қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес.

Енді, Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында 37 брифинг ұйымдастырылмақ.

Байболат Құлтанов