МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі Е.Сұлтанов Тимирязев ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысты

Еркін Базарханов – Тимирязев ауданының әкімі:

– Ет экспорты әлеуетін көбейту мақсатында ауданымызда бір мал сою алаңы ашылды. «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары жоспарлы түрде орындалды. Жыл басынан бері 3,1 мың тонна ет өнімі, 16,8 тонна сүт, 4,8 млн дана жұмыртқа өндірілді. 2017 жылы ауыл шаруашылық кооперативтерін ашуды жоспарлап отырмыз.

Ауданда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 20 жоба іске асып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 26 жаңа жұмыс орны құрылыпты. Жиында жергілікті тұрғындардың ұсынысы тыңдалды. Көбі елдімекендерге апаратын жолдардың сыйқы кеткенін айтуда.

Аудандарда дәрігерлер жетіспейді. Тимирязево ауылының тұрғындары ауруханада акушер-гинеколог жоқ дейді.

– Бізде роддом жоқ. Бірнеше жыл бойы жұмыс істемей келеді. Гинеколог табамыз деді. Алайда, әлі күнге дейін бұл маман ауылымызға жеткен жоқ.

Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жауап берді.

Қабдырахман Сақтағанов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– 3 жылдың ішінде 140 жүктілік фактісі тіркелді. 60 пайызы ауыр халде босанды. Олар қалаға жіберілді. Перинаталдық пунткт ашу үшін 6 маман қажет. Егер мұндай жағдай жасасақ. Онда мамандар ауылда жұмыссыз отырады. Ал гинеколог маман тамыз айында осында жіберіледі.

Жиналыста тұрғын үй шаруашылығы саласындағы мәселелер көтерілді. Жергілікті азаматтардың айтуынша, аудан орталығында жылу қазандықтары әбден тозған.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Осы мәселе бойынша орынбасарым Антон Федяевқа тапсырма беремін. Бір жылдың ішінде 2 қазандықты ауыстыру қиын емес деп ойлаймын. Ең бастысы демеушіні табу керек.

Өңір басшысы аудан әкіміне мал басын арттыру бойынша тапсырмалар берді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мемлекеттік бағдарламалар фермерлер белсенді қатысып, мал басын арттырсын. Кооперативтерді құрып, тұрғындарды еңбекке тарту үшін жағдай жасалу керек. Мал сою алаңдары бар. Ал оларды өңдейтін цехтар жоқ. Сондықтан аудан әкіміне бұл сұрақтарды шешу қажеттігін тапсырамын.

Аймақ жетекшісі Тимирязев ауданынынң әкімі Еркін Базархановқа
көктемгі су тасқынына даярлық барысын пысықтап, жоспар түзуді жүктеді.