МТРА жаңалықтары

Петропавлда 3 жігіт тұрғындардың қыстық қорларын ұрлаған

Барлық жағдайда пәтерлердің кіреберістерінде тұрған жәшіктерде, сақталатын азық-түлік қолды болып отырған. Картоп, сәбіз, қызылша – сияқты тұрғындардың қысқы қорлары ұрланыпты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екінші полиция бөлімінің қызметкерлері баукеспелерді ұстады. Олар бұрын сотталмаған 17 және 27 жас аралығындағы облыс орталығының үш тұрғыны болып шықты.

Күдікті:

– Ночью заходили мы. Выбирали подъезды, вместе заходили и вскрывали ящики отвертками.

– Какие подъезды интересовали вас?

– Без домофонов.

Күдіктілер арам ойларын түнгі сағат бір мен таңғы сағат бес аралығында, яғни тұрғындар шырт ұйқыда жатқан кезде жүзеге асырыпты. Қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ – Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

 


–  Ұрлықтар негізінен домофоны, арнайы кодтары жоқ баспаналарда орын алып отырған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас 7 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, тергеу амалдары жүргізіліп, олардың басқа да істерге қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер солтүстікқазақстандықтарға мұндай фактілерді болдырмас үшін үйлердің кірберістеріне домофондар мен бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін ескертеді.

Магжан Ахмадина