МТРА жаңалықтары

Ішкі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда дін өкілдерінің қосар үлесі қомақты

Дін басқармасының мамандары мен дінбасылар елдегі қауіпсіздікке әрбір адам жауапты дейді. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындар, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындар заң алдында қатаң жазаға тартылады. Қазіргі таңда дін өкілдері жастарды жат ағымдардан қорғау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде.

Қасымхан Исаев – Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:

– Мешітте, оқу орындарымен жастармен арнайы кездесулер өткіземіз. Яғни. халықтың діни сауатылығы жоғары болса олар теріс ағымдарға қарсы тұра алады. Және жергілікті ақпараттық-насихат тобы бар. Олар абақтыда отырғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде орталық мешіттерде ашылған ресми сайттар бар. Жастар содан көп иәлімет алса игі. Облысымызда жылына 2-3 рет имамадарға семинарлар өткізіп тұрамыз.

Алдағы күндері елімізде “Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет” бағдарламасы әзріленбекші.

Владимир – Петропавл және Булев епархиясының епископы:

– Елбасы айтқандай, біз болашағымызды өзіміз айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алу керекпіз. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Президент тапсырғандай, алдағы уақытта еліміздегі діни ахуал және ішкі тұрақтылықты сақтауға мемлекеттік емес сектор және діни бірлестіктер белсенді түрде атсалысу қажет.

Берік Қасен