МТРА жаңалықтары

Петропавлда Герольд Бельгердің оқулары өтті

Жеті жасында қаймағы бұзылмаған қазақ ауылына қоныс аударып, осы халықтың әдеби мұрасын мейлінше сусындап өскен. Бүгінде 60-қа жуық кітаптың авторын жас ұрпақ еске алып, шығармашылығымен танысуда.

Ақнұр Базарбекова – Гуманитарлық-техникалық колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

– Жыл сайын сайыстарды, іс-шараларды ұымдастырып, өзіміздің белгілі жазушы, қазақ әдебиеті өкілі, ұлты – неміс болса да, жаны – қазақ талантты жазушыны еске алу мақсатында өткізетін боламыз.

Студенттер 1-кезеңде Герольд Бельгердің шығармасынан үзінді тарту етсе, екіншісінде ақындардың жазушыға жазған арнау өлеңдерін оқып берді. Екі кезеңге де талап бірдей: қазақ, орыс немесе неміс тілінде мәнерлеп оқу, әртістік және сахналық образды қауымға жеткізе білу.

15 жасар Жамиля Омарова жазушы шығармашылығымен жақында ғана танысқан екен. Бірақ, қысқа мерзімде сүйікті авторыма айналып үлгерді дейді 1 курс студенті.

Жамиля Омарова – Гуманитарлық-техникалық колледждің студенті:

– Жалпы Герольд Бельгермен осы жылы таныстым. Ол 3 түлде шығармалар жазады. Қазақ жерінде өскендіктен, ұлты-неміс болса да, қазақ болып өлді.

Бельгер оқуларына гуманитарлық-техникалық колледж бен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен 8 студент қатысып, бақ сынасты. Жиын соңында әдебиетсүйер қауым назарына «Тағдыр жолы» деректі фильмі ұсынылып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.