МТРА жаңалықтары

Өткен жылы СҚО-да медиация әдісімен қаралған азаматтық істердің саны 12 пайызға артты

Ерлан Айтжанов – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

– Әрбір судьяның жұмыс жүктемесі бірден 3 есеге көбейген. Қылмыстың көбі облыс орталығында орын алған. Өткен жылы 1 300-ден астам тұлға сотталды. Былтыр да шамамен осыншама адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Өткен жылы өңірде азаматтық істердің де саны артқан.

Бахыт Қасейінов – CҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– 23 800-ден астам азаматтық іс қаралды. 2015 жылмен салыстырғанда 2 500-ге жуық материал артық түсті. Бүгінде қаралған істердің 12 мыңдайына шешім шығарылды. Қазіргі таңда біз істі қарау мерзімін барынша қысқартуға тырысудамыз.

Алдағы уақытта Елбасы тапсырмасына сай, соттардың жұмыс жүктемесі азаяды. Жеңіл, орташа қылмыс түрлері мен азаматтық істер медиация, партисипативтік рәсімдер арқылы шешілмекші. Яғни, даулы істерді медиаторлар мен адвокаттар сотқа жеткізбей шешеді. Бұл жерде тұрғындардың да ұтары көп. Қазіргі таңда медиаторлар шалғайдағы елді мекендерде де жұмыс істейді екен. Өңірдегі медиаторлардың жалпы саны – 307. Соның 27-сі – кәсіби маман. Қазіргі таңда судьялар корпусында біліктілікті арттыру шаралары жалғасуда. Биыл 8 судья және “Б” корпусындағы 190 маман аттестациядан өтеді. Бұдан бөлек тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізілмекші.

Берік Қасен