Өнеркәсіп

Мәжіліс депутаттары «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ болды

Өткен жылы мұндағылар өндіріс көлемін 4 млрд теңгеге жеткізген. Келешекте кәсіпорындағылар бұл соманы арттыра түсуді көздейді. Ол үшін жұмыс басталып та кетті. Серіктестік қорғаныс саласына қажетті 4 жаңа техниканы құрастырған. Осы ретте, бірқатар мәселелер туындап отыр. Оны халық қалаулыларымен кездесу барысында зауыттықтар жеткізді.

Марат Омаров- «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директорының орынбасары:

– Өткен жылы Елбасы қаулысымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Депутаттар ол – тәжірбиелік, конструкторлық және қорғанысқа қажетті жаңа техникаларды шығаруды қолдайтындығын жеткізді. Біз сондай 4 техника дайындадық. Енді олардың тәжірбиелік үлгілерін жасауға министрлік қаржы бөледі деген сенімдеміз. Өйткені, осыған дейін оларды өз қаражатымызға дайындап келеміз. Ол көліктер қолдау тапса, онда қорғынас саласы сапалы техникамен толығады деп ойлаймын.

Тағы зауыттықтар энергетикалық және мұнай саласына қажетті қондырғыларға тапсырыстар ұлғайғандығын қалайды. Бұл мәселе мемлекет тарапынан қарастырылса игі болар еді дейді. Жалпы кәсіпорын қызметкерлері Елбасы жолдауында айтылған міндеттерді орындауға тас түйін әзір. Өйткені онда, ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл – ауқатын жақсарту бойынша жаңа міндеттер жүктеді. Экономиклық әлеуетіміз мығым болуы үшін индустрия заманауи талапқа сай болуы тиіс. Уақыт өткен сайын өндірісті автоматтандыру қажет дейді зауыттықтармен кездескен депутаттар.

Михаил Чирков- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

– Бізге зауыт басшылығы тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл бізді әрине қуантады. Өйткені кездесулер осылай өтсе екен деп тілейміз. Кейін олардан түскен мәселелерді біз жұмыс орнымызға барып қарастырамыз. Ұсыныстар енгіземіз. Сол себепті халықтың кездесулерге белсендірек қатысқандарын қалаймыз.

Жиында халық қалаулылары Президенттің үндеуі жайлы да айтып кетті. Өйткені құжатты талқылау шаралары республика көлемінде осы айдың 26-сына дейін жүргізіледі.

Мағжан Ахмадина