Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша біраз жобалар жүзеге асырылып, мейлінше көп адамды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі. Осы ретте еңбеккерлердің құқығының қорғалуын кәсіподақ ұйымдары қамтамасыз етуі тиіс.

Людмила Голенкова – “СҚО кәсіподақтар кеңесі” ҚБ құқықтық жұмыстар жөніндегі бас маманы:

– Кәсіпорын басшысы қиын қаржылық жағдайға тап болса да қарамағындағы еңбеккерлерді қысқартпауға тиісті. Оларды толық емес жұмыс күніне ауыстыру қажет немесе басқа еншілес компанияға жұмысқа ауыстыруға заң аясында рұқсат етілген. Және болашақта зауыттар толығымен автоматтандырылған жүйеге көшкен жағдайда мекеме басшылары мамандарды жұмыстан босатпауы тиіс.

Елбасы аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деген болатын. Алайда, статист мамандардың мәліметінше, бүгінде облыс бойынша ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы саласының мамандары алады. Оны көтеру үшін осы салаға жаңа технологиялар енгізіп, шикізаттық емес өнімдердің экспорттық әлеуметін арттыру қажет екен.

Альфред Мавлютов- “СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы:

– Бүгінде облысымызда 130-дан астам кәсіпорын мен еңбеккерлер алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөнінде келісім-шарт жасалды. Бұл – өңіріміздегі барлық кәсіпорындардың 30 пайызы ғана. 2019 жылға дейін облысымыздың агроөнеркәсіптік кешен саласында құны 123 млрд теңгенің 55 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Ол үшін ауыл шаруашылығына біліктілігі жоғары, технологияларды меңгерген мамандар қажет болады. Сәйкесінше, агроқұрылым басшылығы жұмысшыларға жақсы жағдай жасаулары керек.

Еңбек кодексінде белгіленгендей, жұмыс беруші зейнетке шығуына 2 жыл қалған адамды босата аламайы. Және зейнет жасына жеткен адамдар еңбек келісім-шартын жыл сайын ұзарту арқылы бұрынғы кәсіпорнында қалып жұмыс істей бере алады.

Берік Қасен