Білім

Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер

Бұған дейін бес пән бойынша 125 сұрақ болған. Соның ішінде тек төрт пәннің 100 жауабы ғана ескерілсе, жаңа формат бойынша 120 сұрақ болады. Ең жоғары ұпай саны – 140. Себебі, кейбір сұрақтар бойынша екі ұпай алуға мүмкіндік бар. Тестілеу кезінде екі салалық және үш міндетті пәндер болады. Соңғысының қатарына көпшілікке бейтаныс – оқу сауаттылығы енгізілген.

Пралиев – Ұлттық тестілеу орталығы басшысының орынбасары:

– Оқу сауаттылығы мәтіндермен жұмыс жасауйбілу қабілеттерін тексереді. Яғни, мәтінді оқып қана қоймай, оның мазмұнын ұғыну, мәтіннен ақпаратты таба білу. Жоғару оқу орнында талапкер түрлі деректермен жұмыс істеп, шешім қабылдайды. Яғни, бұл дағдылар университетке түскенде түлекке керек болады.

ҰБТ-ның жаңа форматы биылғы түлектердің дайындықтарына әсер етпей қоймады. Мәселен, ерекше аттестатқа үміткер 11-сынып оқушысы Аружан Байназарова тестілеудің бұрынғыдан әлдеқайда күрделі екенін атап өтті.

Аружан Байназарова – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Осы жылғы ҰБТ мен үшін қиынырақ. Себебі негізгі пәндерден басқа, екі таңдау пәні бар.Таңдаған пәнім – биология, сондықтан онымен қоса химия пәнін де тапсырамын. Мен Алматы қаласындағы ҚазҰУ-ға биотехнология мамандығына түспекшімін.

Айта кету жөн, «Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалар мен республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары барлығы ортақ тәртіппен ҰБТ тапсыратын болады. Аталып өткен артықшылықтары тек қатардағы талапкермен ұпайлары бірдей болған жағдайда ғана ескеріледі. Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеуді 20 маусым мен 1-ші шілде аралығында өткізу жоспарланған.