Құқық қорғау органдары

Қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторлары халық алдында есеп беруде

Сейілбек Елжасов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ №1 учаскелік полиция пунктінің аға инспекторы:

– 2016 жылы 93 пәтер ұрлығы анықталды. Тағы, алаяқтық, бұзақылық, бопсалаушылық жағдайлар да тіркелді. Сонымен, қатар 3 рет қылмыстық оқиға орын алды. Біз құқық бұзушылық жасаған кінәлілерді ұзаққа созбай тауып, оларды жауапқа тарттық. Мәселен, былтыр 638 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, былтыр ауданда 95 қылмыстық оқиға ашылмаған. Қазір бұл іс – біздің бақылауымызда.

Қылмыстың оқиғалардың ізін суытпай ашуда бейнекамералардың көмегі зор. Дегенмен, аталған аудандағы үйлерге арнайы құрылғыларды орнату ісі ақсап тұр. Мұны, облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов сынға алды. Өткен жылы қойылған бейнекамераларлың саны саусақпен санарлық екен.
Инспекторлар бейнекамераларды үйлерге орнату мақсатында тұрғындармен бірнеше жиын өткізген екен. Кездесулерде халық арнайы қондырғылардың өздеріне аса қажеті жоқ депті. Сол себепті, көмекші құрылғылар іске қосылмаған.

Ирина Шершнева – Алтынсарин көшесі, 172-ші үйдің ПИК төрайымы:

– Былтырғы жылы инспектор мамандар халықпен 2 рет кездесу өткізді. Жиындарда тұрғындар бейнекамералар орнатсақ көп ақша жұмсаймыз деп қарсылықтарын білдірді. Өз басым мұндай қондырғының орнатылғанын қалаймын. Өткен жылы аулада тұрған күйеуімнің көлігін ұрлап әкетті. Бірақ, баукеспелер көп уақыт өтпей құрықталды. Сол кезде үйде бейнекамера жұмыс істеп тұрса, қылмыскерлерді бірден анықтауға болар еді.

Жалпы, №1 учаскелік пункт инспекторларының жұмысына тұрғындардың көңілдері толады. Олар тәртіп сақшыларының оқиға орнына жылдам жетіп, қылмыстың ізін суытпай ашуға тырысатындықтарын айтуда.

Людмила Живулина – К.Сүтішев көшесі, 51-ші үйдің тұрғыны:

– Тәртіп сақшылары болмаса ауданда бұдан да көп қылмыс орын алар еді. Былтыр бір үй тоналды. Тағы, бір қыздың баспанасынан әшекейлері қолды болдыы. Бұл қылмастар бірден ашылды.

Бүгінгі таңда Қалалық ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметіне қарасты 13 учаскелік пункт бар. Алдағы уақытта бұл бөліністердің барлық аға инспекторлары халық алдында есеп бермек.

Култанов Байболат